Мәдени, тарихи және қасиетті мұра орындарына саяхат

Мұражай  заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Мұражай бізді өткен, осы, және келешек тарихымен байланыстырады.

Осы орайда мәдени, тарихи және қасиетті мұра орындарына саяхат барысында 13 қазанда Б-4, ПО-5 топтары Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық  мемориалдық мұражайына саяхат жасады.Бұл іс – шараның басты мақсаты – Ұлы ағартушының өмір жолымен  таныстыру, Қазақстанның білім беру жүйесіне елеулі  қосқан еңбегімен таныстыру,  білім алушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау.

Мұражай қызметкерлері ақын, жазушы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің еңбегі, өмірі,оның мектеп ашудағы кездескен қиындықтары жайлы  білім алушыларға  терең мағлұмат берді.

Ақпаратты дайындағандар:                                            Ахметжанова Д.К.

                                                                                           Журсуналина Г.С.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries