Әлеуметтік желілерде діни жат ағымдарды насихаттаушы топтардан жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау

Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде радикалды діни ағымдар белсенділігінің арту қаупін сезінуде.

Радикалды идеяларды басшылыққа ала отырып, діни ағымдар адамзат қоғамдастығының санасына ене бастады. Олардың басты мақсаты – адамның санасын бұзу, сол арқылы бүкіл қоғамның санасын уландыру.  Жастар олардың қолында болуы мүмкін.

Әлемдік деңгейдегі дін ғұламалары мен сарапшылардың көзқарастарын саралай отырып, экстремистік бағыттағы адам санасын жаулаудағы сан қырлы әдіс-тәсілдерін саралай отырып, олардың алдын алу жолдарын қарастыруымыз қажет.

Осы орайда   ЭС-19 тобында «Әлеуметтік желілерде діни жат ағымдарды насихаттаушы топтардан  жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында әңгіме өткізілді.

Негізгі мақсаты  дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу. Жасөсіпірімдер  санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын білім алушылардың санасына ұғындыру.

Ақпаратты дайындаған :             тарих пәнінің  оқытушысы   Ахметжанова Д.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries