«Кітапхана – білім ордасы» кездесуі

«ТУҒАН ЖЕР» жобасын іске асыру аясында колледж кітапханасы «Кітапхана – білім ордасы» іс-шарасын өткізді. 12 қазан күні студенттер Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Северный» СП № 3 кітапхана филиалының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында меңгеруші Разия Мухтаровна Тасмагамбетова заманауи жазушылардың классикасы мен кітаптары көршілес болып келетін үлкендер абонементі; балалар үшін кітаптарымен, ойындарымен және балалардың ашық түсті суреттері бар ертегілік залы ; қоғамдық-саяси әдебиеттерімен оқу залы; еліміздің маңызды күндері мен оқиғаларын көрсететін кітап көрмелері; талап ететін оқырманның өзі де жанына жақын қажетті журналдар мен газеттерді таба алатын баспа залы секілді кітапхана құрылымы туралы баяндап берді. Аталған кітапхананың ерекше бір белгісі 3 интернационалдық клубы бір кітапхана шаңырағында жиналып отыр – «Сударушка» орыс клубы, «Мугунхва» корея клубы және «Шаңырақ» қазақ клубы. Жазушылар, қызықты адамдармен кездесулер мен мемлекеттік және сүйікті ұлттық мерекелерді осы клубтарсыз өтпейті.

Студенттердің назарына кітапхана қоры, сирек кітаптар туралы ақпараты берілді. Кездесудің соңында «ТУҒАН ЖЕР» бағдарламасына арналған документалды фильмі ұсынылды.

Ақпаратты кітапхана меңгерушісі Н.Н.Терентьева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries