Киелі жерлер – ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны

Халқымыздың материалдық және рухани әлемі – атамекен, жер-су, әдебиет, өнер мен мәдениет саласын жандан­дыру­да шамшырақ тәрізді қалың жұртшылықтың қызығушы­лығын, ерекше ықыласын тудырды. Елдік ұлы дәстүрді сақ­тай отырып, ұлттық модернизация жасау қоғамды дамыта, көркейте түсері даусыз. Жалпы ұлттық қасиетті орындар ұғымын халық санасына сіңірудің  ерекше маңыздылығын нықтап айтуымыз  заңды құбылыс. Ел мен Жер – рухани құндылықтардың арқауы.  «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез- келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. 

«Қазақстанның қасиетті орындары» ретінде ерекше қастерленетін табиғи-мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ Қазақ­стан халқының жадында өшпес із қал­дырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады. Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын, ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретінде көрінетін нысандар кірді.

Осы орайда «Атамекен» үйірмесінің мүшелері, 1 курс студенттері қаламыздағы Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші және  Ыбырай атамыздың облыстық мемориалдық  мұражайына барып, ұлы ұстаздың өмір жолымен толық танысты.

Ақпаратты дайындаған:          тарих пәнінің оқытушысы   Ахметжанова Д.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
162 queries