Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Жастардың өз жолын табуға ықпал ететін жүйелі кәсіптік бағдар беру жұмыс формаларының бірі мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарымен кәсіп таңдауда ақпараттық-кеңес беру көмегін көрсету және оқушыларды мамандықтармен таныстыру мақсатында кездесулер өткізілуі мүмкін.

Колледж оқытушысы Шаттық Бажирова оқу жылының басында Қостанай қаласы №20 орта мектебінің 9 сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесті. Оқушыларды бюджет негізінде оқуға түсу шарттары және барлық мамандықтар бойынша даярлау тегін бе екені қызықтырды. 

Студенттерімізді сапалы даярлау жөнінде олардың облыстық және республикалық деңгейдегі жобаларға қатысуынан білуге болады. Мысалы, 4 курстың бағдарламашы-студенті Виктор Годыненко, колледжде алған білімдері мен дағдыларын пайдалана отырып, «Алақандағы өмір» атты жобасына бірнеше мәрте қорытынды концерттеріне материал дайындауға, бейне, аудиофайлдарын жазып, оларды жөндеуге, көрсетілімге бейнероликтер дайындауға, дауыстауға және жөндеуге көмек берді. Биыл Виктор жоба жұмысына арналған бірнеше бейнероликтер жасады. Әлеуметтік бастамалар жәрмеңкесі облыстық байқауына дайындаған презентацияларының бірі «Алақандағы өмір» атты жобасына облыс бойынша бірінші орын алуға және 1 000 000 теңге грантын алуға көмек берді, аталған ұтыс облысымыздың науқас балаларын оңалтуына жұмсалады. Бұл бейнежазба жобаны бұдан әрі республикалық деңгейде таныстыратын болады.

3 курстың студенті Диас Токушев «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасына қатыса отырып, «АТ-сала» жобасын іске асыру үшін бизнес жоспар әзірлеп, 1 000 000 теңге грант ұтып алды, ендігі мақсаты 6 жастан және одан жоғары жастағы адамдарға компьютерлік сауаттылыққа тегін оқытуға жұмсау.

Студенттердің білімі оқу кезеңінде ең үздік деп саналатын және жетістіктері көптеген марапаттаулармен расталатын кәсіптік педагогтармен қамтамасыз етіледі. Солай, 1 санаттағы оқытушы Жанат Контробаева оқу-педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін облыстық деңгейде өткен «Үздік мұғалім» дипломымен аталып, 2018 жылы республикалық деңгейдегі байқауға қатысатын болады.

Қостанай жоғары политехникалық колледжіне оқуға түсе отырып, түлектер білім туралы дипломын алумен қатар өз бетімен ғылыми-танымал әдебиеттерінен білім алуға, жобалық-зерттеу қызметімен айналысуға, қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік істі ұйымдастырудағы дағдылары мен білімдерін өз бетімен пайдалануға үйренеді.

Колледждің мамандықтары туралы ақпарат колледждің интернет-сайтында толық көлемде орналастырылған. Сайтта 3D форматында колледждің оқу дәрісханалары мен кабинеттері бойынша экскурсиясы берілген, on-line режимінде «сұрақ-жауап» айдары жүргізіліп келеді.

Ай-Гуль Сералықызы Сегізбаева  дайындады, биол. ғыл. канд.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries