Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2023 жылғы 8 ақпанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары М. К. Нұрқанов пен А. А. Шаракулова М. Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің  тоғызыншы сыныптарының оқушылары мен олардың ата-аналарына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге тоғызыншы сынып оқушылары мен олардың ата-аналары, мектеп администрациясы қатысты. Ата-аналар мен оқушыларға Қостанай политехникалық жоғары колледжі, оның бөлімшелері, оқыту жүргізілетін мамандықтар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқушылар колледжді бітіргеннен кейін бакалавриатта одан әрі оқу мүмкіндігімен танысты.

Кездесу презентация мен бейнероликтермен сүйемелденді. Оқушылардың кредиттік оқыту технологиясының принциптері, ақылы бөлімде төлем жасау тәртібі, бюджеттік оқыту мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат дайындаған: Шаракулова А.А.,  Нурканов М.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries