Кәсіптік бағдар беру сабақтары

Кәсіптік бағдар беру сабақтары № 115 ОМ өтті. 2ХП-11 тобының студенттері өз колледжі жайлы ақпаратпен бөлісу үшін 9 сынып оқушыларымен кездесті. Али Искадиев және Назика Абикенова өздерінің таңдаған мамандығы жайлы баяндады. Олар мамандықтың болашағы туралы жақсы білетін болғандықтан құрдастарымен өз ойымен бөлісті. Оқушыларды Толганай Есимжанова мен Раушангуль Исмагулованың баяндауындағы колледжде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат қызықтырды. Жоғары курстарда оқу үрдісінің басым бөлігін студенттер өндірісте өткізетінін Асия Катпаевадан білді.

Қараша айынан бастап, колледжде мектеп оқушыларын кәсіптермен таныстыруға арналған кәсіптік бағдар беру байқау сабақтары өткізіледі. Оқытушы Роза Утемісова оқушыларды тәжірибеде түрлі рөлдерде өзін көру, қандай кәсіптер болатыны жайлы түсінік алу мүмкіндігін пайдалану үшін колледжге шақырды. Кәсіптік бағдар беру байқау сабақтарына қатыса отырып, мектеп оқушылары болашақ кәсіпте не қызықтыратынын анықтай алады.

Оқушыларды көбінесе үйірмелер, спорттық секциялар жұмысы, тегін білім алу, шәкіртақы мөлшері, колледжде оқудың қаншалықты қиын екені, қандай талаптар мен шарттар қоятыны жайлы мәселелер қызықтырды. Барлық сауалдарға нақты жауаптар берілді. Кездесу соңында барлық оқушыларға колледж туралы жарнама буклеттері таратылды.

А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries