- admin
- 11.04.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
«Саналы Азамат» атты негізгі бағытын іске асыру және «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылы аясында облыс мектептерінің 9 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша кәсіптік бағдар беру олимпиадасы ұйымдастырылды.
Зияткерлік додаға облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 250 оқушы түсті. Ең көп өтініш білдірген математика, биология және орыс тілі сияқты пәндері бойынша қатысушылары болды. Олимпиада тапсырмалары мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленді. Іс-шараны ұйымдастыруға колледждің еріктілері белсенді қатысты.
Қорытындылау және марапаттауға арналған салтанатына қатысушылар колледждің акт залында жиналды, онда қатысушыларға концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға жоғары колледж директорының м.а. Құсаин Амангелдіұлы Каткенов және жастар мәселелері бойынша облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрайымы, Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы басқармасының мүшесі Гүлмира Амангелдіқызы Капенова болашақ кәсіпті дұрыс таңдауды және табыс тілей отырып, мадақтамаларын табыстады!
Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады