Кәсіптік бағдар беру

Колледж оқытушылары мектеп оқушыларына болашақ кәсіп таңдауда ақпараттық қолдау көрсетіп отырады. 26 қыркүйек күні колледж оқытушысы Наталья Горпенко № 11 ОМ 9 сынып оқушыларымен кездесіп, мемлекеттік тапсырысы аясында білім алу мүмкіндіктері жайлы әңгімелеп берді. Оқушыларды оқу түсу талаптары мен емтихандағы пәндер профилі қызықтырды. 3 курс студенті, болашақ технолог Анастасия Малык өзінің болашақ кәсібінің ерекшелігі туралы баяндады. Настя WorldSkills Kostanaу өңірлік чемпионатының жеңімпазы болып табылады. Ол өзінің жетістікке жету жолымен оқушылармен бөлісті.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

 

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries