КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

9 және 11 сынып түлектеріне ақпарат беру үшін Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері облыс мектептері бойынша шығу іс-шараларын өткізді. 20 қыркүйектен 24 қыркүйекке дейін Әулиекөл және Қостанай аудандарының мектеп оқушыларымен кездесті. Сондай-ақ, Құсмұрын а. мектеп оқушыларымен де кездесуді өткізді. Біздің студенттеріміз колледжде оқытатын кәсіптер жайлы, практика базалары болып табылатын өндірістер мен ұйымдар туралы баяндап берді. Колледжде студенттер үшін спорттық және шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Колледж студенттері мектеп оқушыларымен шеберлік сағаттарын өткізді. Мамандықтармен таныстырудан соң оқушылар студенттерімізбен дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.   

 

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады  


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries