Кәсіптік бағдар беру

2018 жылдың 14 желтоқсан күні Техникалық пәндерінің ЦӘК Қостанай қ. №18 мектеп гимназиясының оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.

«Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша жабдықтардың жұмысын көрсету мақсатында оқытушылар К.Е.Искаков, Ю.Ф.Штанько, К.С.Альсеитов тұсаукесер ұйымдастырды. Оқушылар бөлшектерді өңдеу бойынша белдіктерінің жұмыс барысын көріп, байланыссыз дәнекерлеу бойынша жұмыс қағидаларымен танысты. Оқытушы Какимбек Исламбек және 2 курс механик студенттері байқау түрінде шеберлік сағаттарын өткізді, соның барысында қонақтар автомобильдің бөлшектерімен танысты және макеттік құрастыруды жүргізді.

Зертханада оқытушылар Ж.Б. Сагандыкова, А.Т. Мухаметкалиева және С.С. Изделюева шақырылған қонақтарды «Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығының болашағымен таныстырып, астықты және оны өндеуден алынған өнімдер сапасының көрсеткіштерін анықтауға қатысуды ұсынды. Оқушылар бидайды зерттеумен қызыға айналысты, оның барысында технолог студенттер оларға кеңес бере отырып қолдады.

Колледжде мұражай құрылды, оның қызметімен оқушылар берілген экспонаттардан және құжаттардан танысты. Мұражай жұмысы туралы ақпаратты мұражай меңгерушісі Б.Б.Байгентовтың жетекшілігімен 2 курс студенті Аружан Друскельдинова ұсынды.

А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries