Кәсіпті таңдауда отбасының рөлі

Кәсіпті таңдау адамның өмір жолын белгілейді. Таңдауыңызды жасауға кәсіптік бағдар беру жұмысы көмек береді. Егер ата-ананың қолдауы мен оқушының мүдделері сәйкес келсе, онда мамандық таңдау дұрыс және табысты болады. Облысымыздың мектептерінде қазіргі таңда ата-аналар жиналыстары өткізілуде, оған мектеп әкімшілігі Қостанай жоғары политехникалық колледжінің мұғалімдерін кәсіптік бағдар беруге шақырды. Арнайы пәндер оқытушысы Анара Мұхаметқалиева Затобольск гимназиясының оқушылары мен ата-аналарымен кездесуде мектептің қызметі туралы, өңірімізде талап етілетін колледжде дайындайтын мамандықтары туралы ақпарат берді. Ата-аналар жиналысының қатысушыларына мамандықтар бойынша жарнама буклеттері таратылды.

Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектебінде гуманитарлық пәндер оқытушылары Бауыржан Байгенов және Мейрамгуль Оспанова колледжде оқытылатын мамандықтары туралы, халықаралық серіктестік жайында айтып берді. Оқытушылар ата-аналардың дуалды білім беру, жұмысқа орналасу, оқуға қабылдау шарттары туралы сауалдарына жауап берді.

Ақпаратты А. Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries