«Кәсіптермен танысу»

29 қыркүйек күні Қостанай облысының психологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен құқық бұзушылықтарды алдын алуына бағытталған әлеуметтік жоба аясында Затобол ауылында Қостанай ауданы мектеп оқушыларының кәсіптік жолында өз бағытын табуға көмек беруге арналған іс-шара болып өтті.

Іс-шараның жүргізушілері Алмат Жанабай және Олеся Волосюк барлық қатысушыларға колледж студенттерімен ұсынған кәсіптер әлеміне шолу жасауды ұсынды.

Қатысушылар алдында Алия Сулейменованың жетекшілігімен «Мирас» би тобы өнер көрсетті. ХП-9 тобының студенттері Настя Малык және Виктория Соценко оқушыларға өз қолымен кондитерлік өнімдерін безендіруді ұсына отырып, кондитер біліктілігімен таныстырды. Оқушылардың ерекше назарын Э-7 тобының студенттері Жасулан Тулегенов пен Юрий Сурушановтың астықты тасымалдауға арналған қолданыстағы электр қондырғысы бойынша жұмысы аудара білді. Шетелдік білім беру орталықтарында біліктілікті арттыру мүмкіндіктері жайлы және практика базалары жайлы, колледждегі даярлық жүргізілетін мамандықтардың қаншалықты сұранысқа ие екенін оқытушымыз Анара Мухаметкалиева баяндап берді. 

Колледжімізде ғылым мен білім шынына жеткізумен қатар, әр студенттің талантын анықтауға көмек береді. Оған іс-шара қатысушыларымыз көптеген музыка сыйлығының лауреаты, ТП-14 тобының студенті Ариман Шоторбаевтың әнді әсерлі орындау арқасында көз жеткізді. 

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries