Кәсіптер фестивалі.

Бүгін Қостанай қ. № 2 ОМ «Кәсіптер фестивалі» болып өтті. Бағдарламашы студенттер мен оқытушы Жанат Контрабаева 9 сынып оқушыларымен болашақ кәсіпті таңдауда көмек көрсету мақсатымен кездесті. Студенттеріміз өз мамандықтары жайлы, оқу барысында қандай іскерлік пен дағдыларына ие болғаны жайлы, студенттік өмірі жайлы айтты. Ангелина Паначева қоғамдық куратор болып табылады, ол кездесуде колледжде өткізілетін іс-шаралар жөнінде әңгімелеп берді. Студенттеріміздің жетістіктері мен жеңістері туралы 3 курс студенті Вячеслав Генрих айтты.  Үйірмелердің де жұмысы жайлы ақпаратты 2 курс студенті Олеся Волосюк тартымды етіп әңгімеледі. Кездесу өте қызықты өтті, студенттер оқушылардың барлық сауалдарына толық жауап берді.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries