Кәсіпке бағдар беру жұмысы

Білім беру үрдісін жаңғырту элементтерінің бірі Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша даярлау және оқыту болып табылады. Біз нақты біліктілігі бар тәжірибеге бағытталған мамандарды өндіріс үшін дайындаймыз! Жасалған келісімдер мен шарттарға сәйкес студенттеріміз тәжірибені өндірісте өтеді. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде тәжірибелік сабақтар заманауи жабдықтарымен жабдықталған шеберханалар мен зертханаларда өткізіледі, ол студенттерді сапалы даярлауда өз үлесін қосады. Оқу барысында студент бағдарламаның теориялық бөлігін меңгерумен қатар колледжде жаңа кәсіптік дағдыларын иегеруге мүмкіндігі бар.

Колледжде директордың орынбасары Л.Дюсекеева мен ЖІК төрағасы Д.Бековтың жетекшілігімен тәрбие жұмысы бойынша бөлігінде ұлтжандылықты тәрбиелеу бойынша жастармен ауқымды жұмыстарын, сондай-ақ дарындылықты тану бойынша бірқатар шығармашылық іс-шаралары жүргізіледі, оған облысымыздың оқушыларын да қатысуға шақырамыз.

Ақпараттық технологиялар бөлімімен IT-білімін анықтау бойынша мектеп оқушылары үшін іс-шаралар жоспарланып отыр.

Аталған байқаулардың жеңімпаздары колледж мамандықтары бойынша конкурстық қабылдау кезінде басымдылыққа ие болады.

Техникалық пәндерінің ЦӘК оқытушылары Ф.Овчинникова мен Л.Шакирова №23 ОМ 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, жоғары аталған ақпаратты баяндап берді.

Оқытушылар Д.Ахметжанова, К.Балгужинов және Ж.Балгужинова №8 ОМ 9 сынып оқушыларымен кездесті. Оқушылар мамандыққа қатысты, қай пәндерден емтихан тапсыру туралы сұрақтарын қойды.

Оқушылар тарабынан қызығушылығын қолданбалы бакалавриат бойынша оқыту бағдарламасы мен жоғары колледж мәртебесін алу жөнінде туғызды.

Дайындаған А.С.Сегизбаева


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries