Кәсіп таңдау

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында 13 қараша күні Федоров ауданында 9-11 сынып оқушылары үшін «Кәсіптер әлемі» 3 Форумы болып өтті. Жиналғандардың алдында аудан әкімі Тауба Каиржанұлы Исабаев мектеп оқушыларының болашақ кәсібі мен оқитын оқу орнын дұрыс таңдай алу мүмкіндігіне назар аудара отырып, сөз сөйледі.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің мамандықтарымен оқушылар жарнамалық буклеттер түрінде берілген ақпаратпен танысты және олардың қатысуымен шеберлік сағаттары өткізілді. Технолог студенттер Настя Малык және Виктория Соценко оқушыларға кондитерлік өнімдерін өз қолымен безендіруді ұсынды. Кондитерлік өнімдерін безендіруге Белояр мектебінің оқушысы Алина Черемухина,  Димитров атындағы №1 орта мектебінің ұлдары, Воронеж орта мектебінің оқушылары Оля Бикунтас, Ленинский ОМ 9 сынып оқушылары қатысты.  Өз күшін сынап көруге ниет білдіргендер көп болды. Оқытушы Анара Мухаметкалиеваның айналасында үнемі балалар жиылып тұрды, олар тек тыңдап және бақылап қана қоймай, ұнның ылғылдығын және басқа да көрсеткіштерін өздері анықтауға кірісті. Владимир Ейкель және Виктория Гайворонская колледжге келуге және мамандықтармен толығырақ танысуға ниет білдірді.

Форум қатысушылары Ариман Шоторбаев, Аружан Друскельдинова, Гульназ Жумаганова секілді өнерлі студенттеріміз және «Мирас» би тобы ұсынған вокалды және би өнерлерін тамашалады.

Форумның барлық қатысушыларына, мектеп оқушылары мен мұғалімдерге жарнамалық буклеттер, колледждің мамандықтары туралы кітапшалары да үлестірілді.

А.С.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries