«Есірткі зияны» тақырыбында ақпараттық сағат

8 маусым күні колледжде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Есірткі зияны» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

 Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салты идеясын насихаттау және зиянды әдеттерге теріс көзқарасты қалыптастыру.

Шара аясында топтардың кураторлары студенттерге есірткінің зияны туралы айтып, осы жаһандық мәселеге жастардың ерекше назарын аударуға тырысты. Жасөспірімдер нашақорлықтың жеке адамға апатты зиян келтіретінін білді. Өтірік, сатқындық, қылмыс, отбасының бұзылуы, өлімге әкелетін аурулар – мұның бәрі нашақорлықтың серігі.

Студенттер нашақорлықтың түрлерімен, бұл аурудың белгілері мен салдарымен, әкімшілік жауапкершілік туралы мәліметтермен танысып, облысымыз бен қаламыздағы нашақорлар санының статистикалық мәліметтерін келтірді. Іс-шараға қатысушылардың контингенті 312 адамды құрады.

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries