Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған «ТАБЫС ЖОЛЫ-2023: БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. КӘСІП» тақырыбындағы халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

2023 жылғы 17 наурызда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған «ТАБЫС ЖОЛЫ-2023: БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. КӘСІП» тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтеді.

14-16 наурыз аралығында конференцияға қатысушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары іріктеледі.

Конференцияның мақсаты – ТжКББ ұйымдары студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметінің шығармашылық бастамаларын өзектендіру.

Студенттік ғылыми-практикалық конференция студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдауға, халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесін таратуға, студенттік ортадағы зерттеу қызметінің мәртебесін арттыруға және қолдауға, студенттердің ғылыми және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Конференцияда:

  • Астана қ., Алматы қ., Семей қ., Балқаш қ., Риддер қ., Жамбыл қ., Жезқазған қ., Атырау қ., Ақтөбе қ., Орал қ., Көкшетау қ., Петропавл қ., Қостанай қ., Жітіқара қ., Рудный қ., Арқалық қ. (Қазақстан Республикасы);
  • Новосибирск қ., Орынбор қ., Челябі қ., Златоуст қ., Миасс қ., Южноуральск қ., Верхнеуральск қ. (Ресей Федерациясы);
  • Бішкек қ. (Қырғыз Республикасы)

қалаларынан ТжКББ ұйымдарының білім алушылары өз шығармашылық идеяларын ұсынды.

Конференция аясында секциялар жұмысы ұйымдастырылды:

1 секция «Ұлы Даланың жан-жақтылығы: рухани жаңғыру, білім және инновация»,

2 секция «Энергетика. Болашақ технологиялар»,

3 секция «Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялар»,

4 секция «STEM жоғары технологиялары: тәжірибелік шешімдер»,

5 секция «Қазіргі жағдайдағы экономика, менеджмент және қаржының өзекті мәселелері».

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Материалды дайындаған: Ж.Ш. Кайпбаева, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
185 queries