«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мəселелерінің  бірі    экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни экстремизм – діни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ. 

Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ТП-29 тобында «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты діни лаңкестіктің  алдын алу, оның зардаптарын түсіндіру, қатер төндіретін жат ағымдардан  сақ болуға үйрету, жасөсіпірімдерді  Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Діни наным – сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту.

 

Ақпаратты дайындаған:         тарих пәнінің оқытушысы   Ахметжанова Д.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries