«Дәнді дақыл» кәсібі бойынша ең үздік

Ең үздік «Дәнді дақылдар маманы» атағына кімнің ие болғанын бүгін № 2 ОМ және № 9 ОМ оқушылары анықтады, ал оларға бұл сайыста «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығының 3 курс студентері көмектесті.  Оқытушылар Мухаметкалиева Анара және Изделюева Салима оқушыларда мамандық туралы түсінік қалыптастыру үшін   кәсіптік бағдарлау іс-шарасын өткізуге шығармашылық тұрғыдан ат салысты. Өйткені, болашақ мамандық туралы хабардар етудің әдіс-тәсілдерді таңдау маңызды рөл атқарады.

Балалар топта жұмыс істей отырып, колледж студенттерімен, сонымен қатар басқа мектептің оқушыларымен де танысты. Тапсырманы алып, ортақ шешімге келді және өз ойларын сауатты жеткізе алды. Оқушылардың барлығы да белсенділік танытты, бірақ көшбасшылар ерекше көзге түсті, олардың ішінде Назаров Нұрбекті, Бірлік Арыстанды, Омарова Батиманы, Хасенов Ерікті, Темірбаева Әнелді, Нұргалиева Ясминді, Жақсылықов Жарасты атап өтуге болады. Шайхислам Ботагөздің, Саянова Заринаның, Дусенгали Азаматтың, Сагандыков Ернұрдың жауапты өте қызықты  болды.  Ал сайысты өткізу барысында қонақтарға шай және  технолог-студенттер әзірлеген тәтті пісірмелер ұсынылды. Қонақтардың пікірі бойынша, кәсіби бағдарлау сайысы өте қызықты және танымдылық сипатта болды.  №9 ОМ оқушысы Назаров Нұрбек болашақ мамандығының қыр-сыры туралы пайдалы ақпарат алғандығын айтты.

Әділқазылар алқасының мүшелері оқытушылар Екатерина Риженко мен Жанаргүл Сағындықованың пікірі бойынша мектеп оқушылары биология пәнінен жақсы білім көрсетті, бұл оларға қойылған сұрақтардың  дұрыс жауабын тез табуға көмектесті. Балалардың  әр түрлі командаларда ойын көрсеткендеріне қарамастан, достық жеңді. 1 орынды №2 ОМ және №9 ОМ құрама командасы жеңіп алды. Барлық мектеп оқушыларына «Мамандығы бойынша ең үздік» кәсіптік бағдарлау сайысының қатысушысы сертификаттары, сонымен қатар жүлделі орындар үшін прәндік медальдары табыс етілді.  

Болашақ амандарды даярлау ісіндегі  ынтымақтастықтары үшін мектеп директорлары Дандыбаева Г.Е. және молдахаликов А.Н. алғыс білдіргіміз келеді.

Материлды дайындаған  А.Сегизбаева


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries