Буккроссинг акциясының басталуы

Колледж кітапханасында Буккроссинг акциясы – елімізде дамып келе жатқан әлемге әйгілі «саяхаттайтын кітаптар» қозғалысы басталды. Бұл қандай қозғалыс? Буккроссинг 2000 жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болды және әлсін-әлсін әлемді жаулап алуда. Бүгін адамдар кітаптарды қолдан қолға берумен қатар, оларды пошта арқылы бір елден басқа елге жібереді. Кітап алғашқы иесіне қайту мүмкіндігі аз. Алайда, бұл ең бастысы емес. Игі іс жасап, басқаларды қуант. Дегенмен, сіздерге де жаңа қызықты шығармалар: тарихи романдар, өлеңдер жинағы немесе детективтер келуі мүмкін. Буккроссинг адамдардың оқуға және кітаптарға деген көзқарасын өзгертеді.

Оның барысы «оқыдың ба – басқасына бер» қағидасына негізделген  қарапайым әрекеттерден тұрады. Адамдар өз кітаптарын кез келген ниет білдірушілерге олардың оқуына қалдырады. Барлық қалдырылған кітаптар тегін. Буккроссинг – бұл кітаптарға екінші өмір берудің және сонымен қатар, бірнеше ағаштың сақталу тәсілі.

Сізді акциямызға қатысуға шақырамыз. Егер сіздің сөмкеңізде сіз оқып шыққан қызықты басылым болса, оны Кітапхананың оқу залындағы «Bookcrossing» кітап сөресіне жүрексінбестен қоя аласыз және әлбетте, оның жаңа оқырмандары табылады. Сөремізден кез келген кітапты алып, ал оқыған соң оны өзінің достарына немесе таныстарына оқуға бере аласыз. Сондай-ақ сіз кітапханаға өзінің оқыған кітаптарында буккроссингке қатысу үшін әкеле аласыз.

Мақаланы кітапхана меңгерушісі Н.Н.Терентьева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries