Болашағын іздеуге жәрдем ету

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі мәселелеріне зор назар аударылады.

Колледж оқытушылары № 23 ОМ оқушыларымен кездесіп, түрлі мамандықтар жайлы түсініктерін кеңейтуге септігін тигізді, еңбек нарығының нақты сұраныстары жайлы, кәсіптің табыстылығы жайлы ақпарат берді. Аталған мектептің түлегі Еркебулан Тулегенов «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып, қазіргі таңда студенттерге IT технология саласында білім берумен қатар, «Веб-дизайн» құзыреті бойынша сарапшы болып табылады.

ЦӘК төрайымы Динара Кусаинова оқуға түсу шарттары, оқу туралы, шетелдік білім беру орталықтарында біліктілік арттыру және тілдік тәлімдемелерден өту мүмкіндігі жайлы ақпарат берді.     

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің оқытушысы Лейсан Шакирова  колледжде өткізілетін студенттік іс-шаралары туралы баяндады.

Мектеп оқушылары оқуға түсу кезінде тапсыруға қажетті пәндер туралы, дайындық курстар, шәкіртақы туралы сауалдарын қойды. Барлық сұрақтарға оқытушыларымыз толығымен жауап берді және әр оқушыға колледжде жүргізілетін мамандықтар туралы ақпараты бар жарнама буклеттерін таратты.

А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries