Біз салауатты өмір салты үшінбіз

2018 жылдың 6 сәуір күні колледжде «ПБЗ (ішімдік, тарту қоспалары мен синтетикалық есірткілер, спайстар) қолдануды алдын алу» атты тақырыбында конференция болып өтті.

Аталған іс-шара мақсаты зиянды қылықтардан бас тарту, білім алушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру секілді салауатты өмір салтының нормалары мен қағидалары туралы білімдерін қалыптастыру.

Конференция жұмысына ҚОНД психологы Гульсум Айтжановна Бисимбаева, Қостанай қ. ювеналды полициясы солтүстік бөлімшесінің кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Р.Б.Онкаева, оқытушы-кураторлар, әлеуметтік педагог, ТП-17,ТП-18,ЭБ-12 тобының студенттері қатысты.

Студенттер психологиялық практикасынан қызықты фактілермен танысты. Білім алушыларға психологиялық белсенді заттардың адам ағзасына әсері туралы түсіндірілді. Кездесу позитивті көңіл-күймен өтті. Студенттер «Сұрақ-жауап» сұхбаттасу алаңының жұмысына белсене қатысты, саулдар қойды, қарапайым өмірден алынған жағдайларды талқылады.

 

Ақпаратты колледждің әлеуметтік педагогы З.Б.Танкиева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
175 queries