«Biz birgemiz» еріктілер форумы

“Еріктілік – нақты істермен нығайтылған патриотизмнің жоғары деңгейінің көрінісі болды»

Қасым – Жомарт Тоқаев

26 ақпанда Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Мейірімді жүрек» еріктілері Санат Тусенов, Владислав Ивашешин Еріктілер жыл аясында өткен Қостанай ауданының оқушылары арасында «Biz birgemiz» еріктілер форумын өткізуге қатысты.

Іс-шараның мақсаты – еріктілік қызметті дәріптеу, жас ұрпақтың патриоттық санасына тәрбиелеу, жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Форум барысында Санат Тусенов, Владислав Ивашешин «Еріктілік қызмет бағыты», «Медиация – қазіргі қоғамның жетістігінің кілті» тақырыптары бойынша спикерлер ретінде сөз сөйледі. Волонтерлер волонтерлік қозғалыс, волонтерлік қызмет түрлері, волонтерлер жұмысының бағыттары туралы айтып берді, ұйымшылдыққа және коммуникативтік дағдыларға тренингтер өткізді.

Шара соңында еріктілер «Biz birgemiz» еріктілер форумын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпаратты ұйымдастырушы-педагог А. В. Пушкарева ұсынды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries