Бітіруші топ студенттерінің қорытынды аттестациясы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК-да студенттерді қорытынды аттестаттауды тапсыруға дайындау бойынша бірқатар оқыту вебинарлары өткізілді.

Дайындық шеңберінде студенттермен аппаратураны баптау, «экранда көрсету» режимін пайдалану, алдын ала қорғау барысында баяндамаға уақытты есептеу бойынша іскерліктері пысықталды.

Вебинарлардың мазмұны студенттердің емтиханнан немесе дипломдық жобаны қорғаудан бұрын эмоциялық қобалжуды жоюға ықпал етті.

Колледжде өткізілген «Таза сессия» акциясы аясында студенттерге кез-келген ақшалай түрдегі жиналымдардың жоқтығы туралы ақпарат берілді, сондай-ақ олардың көмек алуға қайда баратыны туралы айтылды.

16.06.2020 ж. қорытынды аттестаттау аясында 0518000 Есеп және аудит мамандығының 0518033 Экономист-бухгалтер біліктілігі бойынша 3ЭБ-13 тобында бірінші емтихан сәтті өтті. Студенттер емтихан тапсыруға қашықтықтан және колледж базасында шағын топтармен қатысты.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries