- admin
- 04.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 4 мамырда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде бірінші курс студенттері арасында ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған саптық ән және саптық көрніс байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында патриоттық рухты қалыптастыру, Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тарихына құрмет көрсету, сондай-ақ тәртіптілікке, дене төзімділігіне және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.
Байқауға ТЗ-31, СИБ-2, ПО-11, ПО-12, СТ-9, М-15, Б-9, Э-16 топтарының студенттері қатысты.
Іс-шараға қазылар алқасы ретінде толыстағы полковник Жуков Алексей Сергеевич, толыстағы майор Нурканов Мырзабек Карабалинович, Казиева Умут Жумагалиевна шақырылды. Іс-шараның басында олар студенттерге арнап сөз сөйлеп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Одан әрі қатысушылар саптық дайындық элементтерін орындып, салтанатты шерумен өтіп саптық ән айту барысында үйлесімділіктерін көрсетті.
Іс-шара жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттаумен аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша: 1-орынды СТ-9 тобы, 2-орынды Б-9 тобы,
3-орынды ПО-11 тобы иеленді.
«Үздік саптық ән» номинациясы бойынша СИБ-2 тобы жеңімпаз атанды, ал «Үздік взвод командирі» атағы Э-16 тобының студенті Русанов Кириллге берілді.
Ақпаратты АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.






