«Бағдарламалық қамсыздандыру және Android жүйесі үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу» атты тақырыбында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде біліктілікті арттырудың халықаралық курстары

Үстіміздегі жылдың 25 қараша мен 15 желтоқсан күндері аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Бағдарламалық қамсыздандыру және Android жүйесі үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу» атты тақырыбында біліктілікті арттырудың халықаралық курстары өтуде.

Біліктілік арттыру курстары «KAZ-KOIT» халықаралық жобасы аясында Senior Expeten Servise (SES) коммерциялық емес қоғамының ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшысы Юрген Пуртцпен (JUERGEN PURTZ) өткізіліп отыр.

Мақсаты: Қостанай жоғары политехникалық колледжі ақпараттық пәндерінің оқытушылары үшін бағдарламалық қамсыздандыру және қосымшаларды әзірлеу саласындағы біліктілік арттыру курстарын өткізу.

Жобаның міндеттері:

  • бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу;
  • мобильді қосымшаларды әзірлеу.

Жоба Senior Expeten Servise (SES) коммерциялық емес қоғамының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Материалды директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries