Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған пікірсайыс ойыны.

1992 жылдың 4 маусымынан бастап Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Еліміздің тарихындағы бұл кұн жаңа мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба және әнұранның туған күні болып саналады. Мемлекеттік рәміздер патриоттық сананы, өз халқына, өз еліне деген тәуелділік пен мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Бұл олардың ерекше күші және ерекше маңызы.

3 маусым күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған пікірсайыс ойыны өтті.

Іс-шараның мақсаты қоғамда орын алған мәселелерді жария талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, білім алушыларда құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті қалыптастыру, пікірсайыстық қозғалысын танымал ету, қолдау және дамыту болып табылады.

Іс-шара үшін Линкольн-Дуглас форматы таңдалды, оның барысында екі тәжірибелі спикер өздерінің шешендік шеберлігі мен пікірсайыс тәжірибесін көрсетті. Тәжірибелі пікірсайысшылар, қалалық, республикалық және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, Анастасия Старкова (КЖПК) және Стас Яковенко (А. Байтұрсынов атындағы ҚҰУ) жастардың мемлекет дамуындағы рөлі туралы пікір таластырды.

Пікірсайыс барысын колледждің «Мұрагерлер» пікірсайыс клубының қатысушылары, пікірсайыс қозғалысына қызығушылық танытқан бірінші курс студенттері және колледж оқытушылары қадағалады. Арнайы пәндер оқытушысы және пікірсайыс шеберлігі бойынша сертификатталған тренер Карамурзин Рауан Мухамедкалиевич төрешілер комиссиясын басқарды.

Спикерлердің сөзінен кейін колледж студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды, тәжірибелі спикерлерден жаңадан бастаушыларға кеңестер алып, көпшілік алдында сөйлеу қорқынышымен қалай күресуге болатындығын білді.

  Ақпаратты педагог-ұйымдастырушы А.В. Пушкарева дайынды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries