«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің беттері»

«Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 12 желтоқсан күні колледжде мемлекетіміздің атаулы күні – Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы, елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Л.К.Дюсекеева, колледж әдіскері Л.И.Уразова, оқытушылар мен ТЗ-18, ТЗ-21, М-3 тобының студенттері, Жастар ісі жөніндегі комитетінің көшбасшылары қатысты.

Қоғамдық пәндерінің оқытушылары Ф.Б.Овчинникова, Л.Ф. Кузнецова,  Б.Б.Байгентов зор ұлтжандылық сезіммен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның құрылуындағы рөлі жайлы баяндап берді. Өз баяндамаларында студенттер өскелең ұрпақтың мойнына ерекше тарихи жауапкершілік – Тәуелсіздігімізді сақтап нығайту ісі жүктеліп отырғанын атап өтті. 26 жыл бойы тарихи дамудағы адам сенгісіз серпіліс жасап, қазақстандықтар Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен берік, қарқынды, заманауи мемлекет құруға жұмыла еңбек етуде. Тәуелсіздігіміздің 26 жыл бойы жастарға ерекше назар аударылып келеді.  Елімізде мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары мен міндеттері, жастармен жұмыс жасау бағыттары мен басымдылықтары белгіленді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Қолжетімді баспана», «Дипломмен ауылға» және басқа да бағдарламалар жастардың сұраныстары мен қабілеттерін өз бетімен анықтау және іске асыру, кәсіптік өсу үшін жағдай жасауға бағытталған. Зияткерлік және шығармашылық қызмет үшін де жағдай жасалған. Білім беру саласындағы қазақстандық жобалар жастарға әлемдік стандарттар деңгейінде білім және бастапқы тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

«Нұрлы жол», «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам», «Мәңгілік Ел», «Ұлт жоспары «бес институционалдық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам», «Қазақстан-2050» және Президентіміздің бастамашылық еткен басқа да мемлекеттік бағдарламалары отанымызды дамытудың негізгі векторлары белгіленді, ал оларды іске асыру әлемдік аренада ілгері дамуымыз мен тұрақты беделімізді қамтамасыз етеді.   

«Еліміздің дамуының негізгі мақсаты тәуелсіз, өркениетті, саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет құру болып табылады. Ал осындай Қазақстан өз бетімен құрылмайды. Оны біз өз қалауымызбен және жетістікке деген еркімізге сүйене отырып жасаймыз». Тұрақтылық, толеранттылық, жұмысқа қабілеттілік пен еліміз үшін игі іс жасау ниетіміз жетістіктің негізгі критерийлері болып саналады.

Ақпаратты тарих пәнінің оқытушысы Ф.Б.Овчинникова дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries