Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың Қостанай жоғары политехникалық колледжіне ресми іссапармен келуі

4 сәуір күні Қостанай жоғары политехникалық колледжіне ҚР Білім министрі Күляш Ноғатайқызы Шамшидинова ресми іссапармен келді. Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева WorldSkills Kostanay 2019 Өңірлік чемпионатының «Кондитерлік ісі» құзыреті бойынша алаңымен таныстырды, жоғары колледждегі Worldskills қозғалысының дамуы, әлеуметтік серіктестермен белсенді қызметі туралы және дуалдық оқыту формасы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру тиімділігі мен нәтижелігі жайлы баяндап берді.

Worldskills – бұл халықаралық қозғалыс, оның мақсаты жұмыс кәсіптерінің мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері бірнеше жыл бойы жүлделі орындар алып келді, соның ішінде халықаралық жарыстарда да ерекшеленді. Министрді бірнеше жобамен таныстырды: колледж студенттері WorldSkills Kostanay 2019 Өңірлік чемпионатына қатысуға дайындық үстінде, таңдамалы тәттілерді дайындау технологиясын игеріп жатыр. Колледж студенттері оқытушы А.М.Саидов, Л.А.Павлова, Ж.Е.Балгужинованың жетекшілігімен жасалған муссты тәтті нан, птифур, антреме, шоколад кәмпиттері сияқты түрлі кондитерлік өнімдерін дайындау технологияларымен таныстырды. «Нан пісіру цехі» зертханасында оқытушы И.А.Рядинская мен О.В.Брозе «Нан пісіру шеберлігі» құзыреті бойынша алаңын ұсынды, француз технологиясы бойынша круассандар, алма түрінде раушан гүлдер мен француз тоқашы бриошь секілді тәттілерін дайындады.

Министрге колледж оқытушыларының Францияда тағылымдамадан өткені жайлы және дәстүрлі француздық дайындау тәсілдерімен қамыр жасау технологиясын меңгергені жөнінде айтылды.

Жоғары колледж түлектерінің жұмысқа орналасуда ешбір қиын мәселелер туындамайды. Оларды кез келген наубайханаға, макарон және кондитерлік цехына жұмысқа құшақ жая алады. Министр студенттерге болашақта мол табыстарға жетуге тілек білдірді!

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries