Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласын түсіндіру.
 

«Абайдың арманы- халық арманы. Халық арманы мен ниетін орындауда тыс қалмауымыз керек. Абайдың қара сөздері ХХІ ғасырдағы Қазақстанды жаңа белестерге жеткізеді.»

Қасым-Жомарт Тоқаев

22 қаңтар күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 09 қаңтарда жарияланған «ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласын талқылауы өткізілді.

         Іс-шара мақсаты студенттерді мақаламен таныстыру, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында студенттердің білімдерін тереңдету, жастар үшін Абай ойларының өзектілігін көрсету.

         Қоғамдық пәндерінің оқытушысы Флорида Борисовна Овчинникова өз сөзінде қазақ ақыны, ойшылы және қоғамдық қайраткері Абай Құнанбаевтың туылған күнінен 175 жылдығына арналған Мемлекет Басшысының мақаласын атап өтті.

          Түсіндіру барысында оқытушы мақаланың негізгі аспектілерін, нақты айтқанда ұлттық сананы жаңғырту, еліміздің жас ұрпағы өміріне білім беру рөлінің маңыздылығы, тілдерді білуді насихаттау, Абайдың даналығы арқылы елімізді рухани ағарту жайында атап өтті, сондай-ақ Президент өз мақаласында «Болашақ ұрпақ Абайдың жолымен жүру тиіс, біз оның ойларынан ең үздігін алуымыз керек»- деп айтты.

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
182 queries