«Қарама-қарсы әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында алдын алу мақсатындағы сұхбаттасу

14.01.2020 Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері арасында «Қарама-қарсы әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында алдын алу мақсатындағы сұхбаттасу өткізілді.

Іс-шара мақсаты білім алушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу болып табылады. Қатысушылар саны – 650 адам.

         Сұхбат барысында колледждің әлеуметтік педагогы А.С.Тажитаева білім алушыларға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны және қарама-қарсы әрекеттерді жасағаны үшін жазалау түрі жайлы баяндап берді.

          Студенттерге лаңкестік актісі жайлы жалған хабарлама тарататын тұлғалардың қылмыстық жазасы туралы айтып, мемлекетпен дін саласындағы саясатымен іске асырылатын құқықтық қамсыздандырудың негізгі аспектілері жайлы, деструктивті діни ұйымдары және олардың белгілері, жұмыс тәсілдері, дәстүрлі немесе дәстүрлі емес ислам жайында да баяндады.

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог Пушкарева А.В. дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
163 queries