Алдын алу шарасы

2023 жылдың 31 қаңтарында ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкері Г.И.Усембаева және полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі А.К.Бапиновпен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК басшылығымен және қызметкерлерімен профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға қатысушыларға террористік тұрғыдан осал объектілерін терроризмге қарсы қорғауды жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ объектілер басшылығының терроризмге қарсы қорғауды нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін жауапкершілігі түсіндірілді.

Құқыққорғау органдары қызметкерлерімен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлардың алдыну алу шараларын және осындай қылмыстар жасағаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілген.

Іс-шара соңында ғимаратта және оның аумағында терроризм актісінің жасалу қаупі туындаған кезде қызметкерлерімен, педагогтармен және білім алушылармен іс-әрекеттер бойынша сабақтар мен жаттығуларды (жартыжылдықта кемінде 2 рет) өткізуге қатысты ұсынымдар берілді.

Іс-шараға 167 адам қатысты.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries