Алғыс айту күні. «Алғыс – жанның тектілігінің белгісі»

Бүгін, яғни көктемнің алғашқы күнінде еліміздің тұрғындары бір-біріне «Рақмет» деп жауап қайтарады. Алғыс айту күні мерекесі көптеген елдерде тойланады. Қазақстанда бұл мереке 2016 жылы көпұлтты еліміздің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің символына айналу үшін пайда болды.

 1 наурыз – ел халқының бір-біріне алғыс  айтатын күні. Қостанай политехникалық жоғары  колледжінде «Алғыс күніне» арналған іс-шаралар дәстүрге айналды. Бұл күні көптеген студенттер қайырымдылық шараларына қатысады. Біздің топ та шет қалмады .

 1 наурызда 2ЭС-21  тобы  колледж оқытушысы Суюндукова Бибигуль Кавазовнаға алғысын білдірді. Бибигуль Кавазовна колледж ардагері, көптеген жылдары өз еңбегіне адал болған жан, әрқашанда студенттерге көмегін аямай, ақыл-кеңесін  беріп  жүрген ұстаз.   2ЭС-21  студенттері  өз алғыстарын білдіріп, ақыл-кеңес үшін, қиын сәттерде  қолдау көрсеткен  үшін  шексіз алғысын білдірді.

                                     Дайындаған: Бексултанова АК , 2ЭС-21 тобының кураторы.

#оқуағарту #алғысайту


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
174 queries