«Қайырымдылық – қазіргі қоғамның өзегі» тақырыбында өзін-өзі тану сабағы

«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін табуға, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне қиянат жасамауға, өз ар-намысын сақтауға және әрдайым осы сөздің толық мағынасындағы адам болып қалу»

Сара Алпысовна  Назарбаева

6 ақпан күні «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» оңкүндігі аясында ТП-21 тобында «Қайырымдылық – қазіргі қоғамның өзегі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Іс-шара мақсаты адамның адамгершілік постулатының ең негізгісі және негіз салушы, адам және қоғам өмірін жақсартатынның бастамасы ретінде «қайырымдылық» сөзіне түсінік және сипаттама беру, қоршаған ортаға қайырымдылық пен рақымшылық таныта отырып, өмірдегі жағдайларды салыстыра алуға және талдауға үйрету болып табылады.

Сабақ барысында студенттер қоғамның дәстүрлі құндылықтарының кластерін жасап, әрқайсысының өміріндегі қайырымдылықтың рөлі жайлы және қазіргі қоғамның өзегі қайырымдылық болып саналатыны жайлы талқылады.

Сабақ барысындағы жұмыс студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, білім алушылар арасында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға себеп болды. Іс-шара барысында студенттер әр адамның өміріндегі қайырымдылық рөлін сезінді және  қайырымдылық көрсету адам өмірін жақсы жаққа өзгертетінін меңгерді.

Ашық сабақ «Мейірімділік жолымен» өлеңін топтың орындауымен  аяқталды.

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries