Қайта сертификаттау.

Сапа менеджментін сертификаттау жүйесінің болуы ұйымның имиджін жақсартуға себеп болады және тұтынушылар мен серіктестер үшін ұйымға деген сенімділігінің кепілі болып табылады. Сертификатталған менеджмент жүйесі бар ұйымдары мемлекеттік келісім-шарттар жасау және тендерге қатысу кезінде зор бәсекелік басымдылыққа ие болады. Мысалы, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық стандарттарының талаптарына сай сертификатталған менеджмент жүйесінің болуы конкурс қатысушысының тауарын, жұмыстары мен қызметтерінің сапасын танудағы критерийлердің бірі болып табылады. СМЖ қайта сертификаттау оның ҚР СТ ИСО 9001-2016 (ISO 9001-2015) талаптарына сәйкестігін қайта растау болып табылады. Ол бұрын берілген СМЖ сәйкестік сертификатын қолдануының үш жылдық мерзімі аяқталуымен арнайы сараптамалық комиссиясымен жүзеге асырылады. Қайта сертификаттау бойынша аудиті кезінде СМЖ қызмет етуінің талдауы жүргізіледі. Талаптарға сәйкестігіне, оны жұмыс қалпында ұстауға номенклатуралық құжаттамасын таңдамалы тексеруі жүргізіледі, тұтынушылардың қанағат етуін арттыру үшін үрдістері бойынша жауапты тұлғалардың қызметтерін түсінуі және орындауы белгіленеді.

????????????????????????????????????

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries