«АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ»

“Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар” акциясын өткізу аясында 2023 жылғы 29 наурызда “Мирас” мәдениет үйінде Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің офицерлерімен, орта мектеп, колледж, ВТШ оқушыларымен, әскери кафедра студенттерімен, “Жас Сарбаз”қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қарулы Күштердің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын орындауға және азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге ынталандыру.

Аталған іс-шараға ПО-3, А-1, Б-2, ЭС-21, Э-14 тобының 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның басында балаларға 1941-1945 жылдардағы ҰОС-ға және ҚК құрылу тарихына, қазіргі заманғы армияға және оның даму перспективаларына арналған мұражай экспозициясының көрмесі ұсынылды.

Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы бейнеролик көрсетілді. Содан кейін жас ұрпақ пен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі офицерлердің ҚР ҚК қатарында қызмет өткеру борышы, әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы сөз сөйледі.

Соңында танымал эстрадалық, әскери және халық әндері орындалған концерттік бағдарлама көрсетілді.

Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries