“Ахмет Байтұрсынов-адамзат пен білімнің себушісі” атты кураторлық сағат

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы Юнеско көлемінде тойланып жатыр. Соған орай 2022 жылдың 12 қазанында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ХП-19 тобында “Ахмет Байтұрсынов-адамзат пен білімнің себушісі” атты ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты Ахмет Байтұрсыновтың өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Іс шара барысында ХП-19 тобының студенттері Ахмет Байтұрсынұлы өмір жолымен  таныстырып, ақынның «Анама хат» өлеңінен көрініс қойды. Сонымен қатар, студенттер «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы ағылшын тілінде Лондонда басылып шыққандығы, Павлодарда Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» кітабының түпнұсқасы табылғандығы, Торғай өңірінде Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне  ескерткіш ашылғандығы, Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлына арналған мемориал ашылғандығы жайлы жаңалықтармен таныстырды. Тәрбие сағаты ақынның «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген нақыл сөзімен аяқталып, топ кураторы  студенттерге білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпауға шақырып, білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі екенін атап өтті.

Ақпаратты дайындаған: ХП-19 тобының кураторы Каркинбаева Г.А.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries