«Абай оқулары» байқауы өз мәресені жетті

19.02.2020 ж филологиялық пәндерінің ЦӘК онкүндік шеңберінде «Абай оқулары»  атты байқауы өтті.

 Байқау мақсаты:  мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылыгын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру.

             Аталған байқау үш номинация бойынша өткізілді:

бірінші номинация «Өлең –сөздің патшасы» Абайдың  өлеңдерін өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту

екінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абайдың қара сөздерін,өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту

үшінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндерін орындау.

             Байқау шартына сәйкес үміткерлер Абайдың поэзиялық шығармалары мен қара сөзін мәнерлеп оқу және  ақынның  әндерін орындаудан тартысқа түсті.

            Нәтижесінде студенттер  I,  II , III  жүлделі орындарға ие болды және барлық қатысушыларға сетификаттар  табыс етілді.

Ақпаратты дайынған: Бейсенова Х.Б


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries