Ақпараттық-экономикалық пәндер ЦӘК апталығы

«Рухани Жанғыру» жобасын іске асыру аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 2017 жылғы желтоқсан айының 04-09 күндер аралығында ақпараттық-экономикалық пәндерінің ЦӘК апталығы болып өтті.

Апталықтың салтанатты ашылуы колледждің фойесінде болды. ЦӘК бекітілген жоспарына сәйкес төмендегі оқытушылар ашық сабақтар өткізді:

  • И.Н. Авдоченко ЭБ-12 тобында «Негізгі қаражаттардың түсімі мен шығынын есепке алу» тақырыбы бойынша;
  • Ж.Д. Контробаева ЭБ-10 тобында «Жергілікті аудит, төлем циклы және ақшалай қаражат қозғалысының стратегиясы» тақырыбы бойынша «Білікті аудитор» ойын сабағы;
  • В.Г. Бутнараш ХП-13 тобында «Формулалар мен функциялармен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша;
  • А.К. Сейткалиева ЭБ-11 тобында «Статистикалық тарапталы қатарлар түрлері: атрибутивтік вариациялық» тақырыбы бойынша ашық сабақ.

Ашық сабақтарында оқытушылар жаңа оқыту технологияларын, белсенді түрде интерактивтік тапсырмалары мен онлайн қосымшаларын қолданды. Студенттер оқытылатын пәндер бойынша білім мен дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.

Тәрбие сағатын А.К.Ибатова, Г.С.Журсиналина, М.К.Сагумбаев, Д.Д.Кенешов, А.К.Сейткалиева, И.А.Баязитова өткізді.

«Болашақ IT-мамандар» викторинасы 1 курс студенттері үшін шығармашылық, зияткерлік және әдептілік қабілеттерін анықтау мақсатында өткізілді. Викторина нәтижесі бойынша ТП-18 тобының «Винчестерлер» командасы 1 орынға иеленді, ТП-17 тобының «Бағдарламашылар» командасы 2 орынға, ТП-19 тобының «Merical Kids» командасы 3 орынға лайықты деп танылды.

 «Смартфондар, қолдаймын және қарсымын» атты тақырыбындағы пікірталасқа ТП-16 тобы қатысты. 2 командадан «Смартфондарға қарсы» командасы жеңімпаз атанды.

«ДК шебері» атты байқауына екі команда ер балалар және қарсыластары қыз балалар командасы қатысып, жеңімпаз болып ер балалар командасы атанды. ЭБ-9 тобымен «Уақыт» атты тренинг өткізілді, іс-шараның басты мақсаты өз уақытынды тиімді пайдалануын көздеді.

ЦӘК апталығында түрлі сипаттағы іс-шаралар өткізілді. Оқытушылар   жоғары ынтамен өз тәжірибелерімен және жаңа технологиялармен бөлісті.

Ақпаратты ақпараттық-экономикалық пәндерінің ЦӘК төрайымы Д.Б.Кусаинова дайындады

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries