2021 жылдың 29 қарашасында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында  «Ел мұраты-Тәуелсіздік» атты тақырыбында жыл сайынғы жаппай диктант сайысы өтті. Диктанттың мақсаты колледж студенттері мен оқытушыларының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, өздігінен білім алуға және сауаттылықты арттыруға қызығушылықты ынталандыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Диктант мәтінінде еліміздің Тәуелсіздікті алғаннан бергі ширек ғасырда жеткен айтулы жетістіктері туралы айтылды.  Сайыстың қорытындысы бойынша ЭС-19 тобының студенттері Арыстанов Әсет және Жұмағали Әділбек 1 орынға, ХП-21 тобының студенті Айтимова Жұлдыз 2 орынға, ХП-21 тобының студенті Утюльбаева Каракат және ЭС-20 тобының студенті Магзумова Толганай  3 орынға ие болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Ақпаратты дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Каркинбаева Г.А.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
162 queries