1304000 Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығының студенттері Диас Токушев және Артем Тамарко «Digital Kostanay» хакатонындағы жеңісі!

2019 жылдың 3-4 желтоқсан күні М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында ұйымдастырылды.

Хакатонның ұйымдастырушылары Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, Азия даму банкі, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және MOST бизнес-инкубатор болды.  Олар қатысушылар үшін үш міндет дайындады. 48 сағат ішінде командалар өңірлік туризм бойынша, студенттер үшін ақылды қосымшаларды құрайтын, кәсіпкерлікті дамытуға себеп болатын шешімдерді әзірлеу тиіс.

IT-мамандардың 18 командасы «Digital Kostanay» хакатонға қатысты. Қатысушылар екі күн ішінде есептер шығарды, студенттердің, қала тұрғындарының өмірін жеңілдететін және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға көмек беретін IT-жобаларды әзірледі. Іс-шараға ең үздік стартаптарға дмушілік жасайтын Азия банкі атынан инвесторлар қатысты.

Хакатонға ЖОО мен колледждерінің студенттері қатысты. Құрылған командалар жобаның концепциясын әзірлеу жұмысымен айналысып, өз идеяларын менторлық сесияларына ұсынды. Финалға және көпшілік алдында қорғауға он команда жіберілді.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі атынан «ITSFERA» командасы қатысты, оның құрамына 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша ТП-15 тобының студенттері Диас Токушев және Артем Тамарко енді. Жоба жетекшісі ақпараттық пәндерінің оқытушысы Уаисова Майра Маликовна болып табылады.

«EdTech» жобаның шешімі – оқу мекемелері үшін бағдарламалық қамсыздандыру, талапкерлерден сұраныстарды қабылдауды сандандыру. Жоба мақсаты – Қазақстанның әр түрлі облыстарынан талапкерлерден сұраныстарды орталықтандырылған түрде қабылдау.

Диас Токушев және Артем Тамарко жобаларын сәтті қорғап шықты, команданың жобамен жұмыс жасауын байқаудың әділқазылар алқасы бағалады.

М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-де оқуға Ректордың грантын «ІТ сфера» командасы жеңіп алды: Диас Токушев және Артем Тамарко!

Біздің жеңімпаздарды «Digital Kostanay» хакатон байқауындағы жеңістерімен құттықтаймыз!

     

Материалды директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries