1 желтоқсан – Халықаралық ЖИТС-пен күресу күні

2017 жылдың 22 қараша күні колледжде Халықаралық ЖИТС-пен күресу күніне орай ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы 
күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығының мамандарымен, психолог Б.Т. Кувановамен, әлеуметтанушы А.С.Карасатовамен бірлесе отырып, «ЖИТС/АИВ. Өмір сүру үшін білу керек» атты тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты жастар арасында АИВ/ЖИТС  таратуды алдын алу, білім алушылардың АИВ/ЖИТС мәселелер маңыздылығын сезінуін қалыптастыру және өз тәртібіне деген жеке жауапкершілігін, СӨС насихаттау, АИВ-инфекцияланғандарға қатысты толеранттылықты тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шаралар барысында орталық мамандары АИВ-инфекциялары туралы баяндап берді, ҚР, Қостанай облысының АИВ-инфекцияланған тұрғындар бойынша статистикасын өткізіп, студенттерге «Назар аудар» атты бейнеролигін көрсетті.

Іс-шараның аяқталуымен «Тәуекел дәрежесі» атты жаттығуы жасалды, сондай-ақ қатысқандардың арасында АИВ және ЖИТС-тің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Ақпаратты педагог-психолог Р.А.Сатыбалдина дайындады

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries