- admin
- 31.01.2023
- No Comments
- Жаңалықтар
2023 жылғы 31 Қаңтарда № 22 қалалық мектепте Қостанай политехникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер педагогтары Сағандықова Ж.Б, Курьерова М.П оқушыларда кәсіптік бағдар беру өзін-өзі анықтауды қалыптастыру мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
9а, 9б, 9в, 9г және 11 сынып оқушыларына колледж педагогтары мамандықтар, қабылдау ережелері, оқу орны мамандықтарының қажеттілігі туралы айтып берді. Колледж педагогтарымен өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша кездесуге мектептің 124 оқушысы қатысты. Бұл кездесу мектеп оқушыларының өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруды жүзеге асырды. Кездесу барысында білім алушылар қызығушылықпен тыңдап, қызығушылық танытқан мамандық бойынша сұрақтар қойды.