- admin
- 25.03.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
Біз әрқайсымыз өз қауіпсіздігімізді ұмытпауымыз керек, кез-келген жағдайда өзімізді және жақындарымызды қиындықтан құтқара білуіміз керек!
Осыған байланысты 2022 жылғы 25 наурызда Қостанай облысының жоғары политехникалық колледжінің базасында Қостанай облысының орта-арнайы оқу орындарының білім алушылары үшін Қостанай облысы ТЖ департаментінің өкілдері ZOOM платформасында “ТЖ кезінде халықты хабардар ету және спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары”тақырыптары бойынша интерактивті сабақ ұйымдастырып өткізді.
Бұл сабақтың мақсаты-қауіп төнген және төтенше жағдайлар туындаған кезде білім алушылардың іс-қимылы мен әрекетімен таныстыру болды.
ТЖ департаментінің қызметкерлері жоғарыда аталған тақырып бойынша ақпарат берді. Балалар ТЖ кезінде қауіпсіздік қағидаларының барлық ұсақ-түйектері мен қыр-сырын ескеру қаншалықты маңызды екенін кейін талқыға салды.
Қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін, ТЖ кезінде өзін қалай ұстау керектігін, егер олар жазатайым оқиғаның куәгерлері болса, не істеу керек екенін қайталады.
Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында балаларға шұғыл қызметтердің нөмірлерін еске салып, ТЖ кезіндегі іс-қимыл жадынамалары таратылды.
Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.
Фатхудинов Р.Р.