- admin
- 10.12.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
Үстіміздегі жылдың 25 қараша мен 15 желтоқсан күндері аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Бағдарламалық қамсыздандыру және Android жүйесі үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу» атты тақырыбында біліктілікті арттырудың халықаралық курстары өтуде.
Біліктілік арттыру курстары «KAZ-KOIT» халықаралық жобасы аясында Senior Expeten Servise (SES) коммерциялық емес қоғамының ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшысы Юрген Пуртцпен (JUERGEN PURTZ) өткізіліп отыр.
Мақсаты: Қостанай жоғары политехникалық колледжі ақпараттық пәндерінің оқытушылары үшін бағдарламалық қамсыздандыру және қосымшаларды әзірлеу саласындағы біліктілік арттыру курстарын өткізу.
Жобаның міндеттері:
- бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу;
- мобильді қосымшаларды әзірлеу.
Жоба Senior Expeten Servise (SES) коммерциялық емес қоғамының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Материалды директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады