«Құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу» оқу-әдістемелік семинары

2023 жылғы 18 – 22 қыркүйек аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары үшін әдістемелік қызмет және колледждің оқу бөлімі құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша бірқатар семинарлар өткізді.

Мамандықты/біліктілікті функционалдық талдаудың дәйекті қадамдары түсіндірілді:

1) нормативтік құжаттарды айқындау және талдау;

2) кәсіби біліктілік қызметінің негізгі мақсатын анықтау және сипаттау;

3) әрбір біліктілік үшін еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерді анықтау;

4) біліктіліктің функционалдық картасын жасау;

5) Функционалдық талдау негізінде оқыту нәтижелерін анықтау.

Құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламаларының негізгі және принципті сипаттамасы олардың мазмұнында жұмыс берушілердің мамандардың ағымдағы сәтте де, перспективада да іскерлігіне, біліміне (құзыретіне) қойылатын талаптарын көрсету болып табылады. Бұл жұмыстың негізі – кәсіби стандарт пен жіктеуіштердегі (ЭҚТЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіші), КЖ (кәсіп жіктеуіші), БТБА (Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы), WorldSkills стандарттары, Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы) ақпаратты білім беру бағдарламасын игерудің күтілетін нәтижелеріне айналдыру.

Семинар спикерлері:

  • Технологиялық пәндер кафедрасы – спикер директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж. Ш. Кайпбаева,
  • АЭП кафедрасы (мемлекеттік тілде) – спикерлер директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж. Ш. Кайпбаева, әдіскер У. Ж. Казиева,
  • АЭП кафедрасы (орыс тілде) – спикер директордың ОЖ жөніндегі орынбасары И. А. Щербакова,
  • Электротехникалық пәндер кафедрасы – спикер ОӘК меңгерушісі Б.З.Аяганова,
  • Техникалық пәндер кафедрасы – спикер ОӘК меңгерушісі Б.З.Аяганова.

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries