«Зиянды әдеттер және олардың салдары» дәрісі

Зиянды әдеттер мен олардың салдары – бұл біздің қоғамымызды толғандыратын және алаңдататын тақырып. Қазіргі жас ұрпақ жоғары тәуекел тобына жатады.

27.02.2020 жылы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 1-3 курс студенттері арасында темекі шегудің және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу бойынша дәріс өтті.

Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Білім алушылармен кездесуді Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары өткізді. Дәріс диалог тәртібінде өтті, Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.  СӨС орталығының мамандары Шаймарданова Диана Хайдарқызы, Есентаева Динара Ерланқызы өмірінен мысалдармен, темекі өнімдерінің, алкоголь мен есірткі құралдарының жас адамдардың ағзасына әсері туралы, шылым қоспаларын (снюстер, спайстер, тұздар және т.б.) қолданудың салдары туралы айтып берді. Статистиканы алып, темекі шегу тәуелділік, ал темекі-сол есірткі екенін ескертті. 

Кездесу соңында орталықтың мамандары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды ықпалдарға ұшырмауына шақырды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries