«Жолдарың болсын, түлектер!»

2025 жылғы 27 маусым күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінің акт залында оқу жылының ең әсерлі және маңызды оқиғаларының бірі – түлектерге диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл мерекелік шара «Жолдарың болсын, түлектер!» деген айшықты ұранмен өтіп, ұстаздарды, ата-аналарды, қонақтарды және, әрине, осы күннің басты қаһармандары – түлектерді біріктірді.

Салтанатты кештің жүргізушілері – колледж оқытушылары Бондарева Н.Л. мен Уразов Д.Б. жиналғандарды жылы шыраймен қарсы алып, бұл күн жастық пен кәсіби өмірдің арасындағы маңызды өткел екенін атап өтті. Осы сәттен бастап еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгерген түлектер өздерінің өмір жолын бастайды.

Биылғы жылы әртүрлі топтарда білім алған 240 маман диплом алып, Қазақстан үшін аса өзекті бағыттар бойынша оқуын сәтті аяқтады. Олар келесі мамандықтар бойынша білім алды:«Есеп және аудит» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр,«Есеп және аудит» біліктілігі, «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісі», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Электрмен қамту», «Техник-электромеханик», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі».

Колледж директоры Құсайын Амангелдинұлы Кәткенов 51 үздік бітірушіге диплом табыстап, олардың жетістіктерін, олимпиадалар мен ғылыми конференциялардағы белсенділігін, спорттық жеңістерін атап өтті.

Студенттік өмірге белсене қатысқан жастарға ерекше көңіл бөлінді. Олар оқу, қоғамдық және ғылыми жұмыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, колледждің абыройын асқақтатты.

Салтанатты кеште ТОО ГК «Эксперт» директоры Игорь Сергеевич Бубнов та құттықтау сөз сөйлеп, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврларға дипломдар табыстады. Ол түлектердің дайындық деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, өңірдің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының өкілі — «Баян Сұлу» АҚ кадрлар бөлімінің басшысы Альмұхамбетова Арай Қайырқанқызы сөз алып, колледжге білікті мамандар дайындағаны үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.

Салтанатты шара түлектерге диплом табыстаумен, естелік суретке түсумен және түлектердің ұстаздары мен тәлімгерлеріне арналған жүрекжарды алғыстарымен аяқталды.

27 маусым күні колледж тарихында жарқын бет болып қалды және түлектер үшін өмірлеріндегі маңызды кезеңнің бастауы болды. Колледж қабырғасында алған білімдері — болашақтағы табысты мансаптың іргетасы және Қазақстан Республикасының дамуына қосылатын сүбелі үлес болғай!

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries