“Жеңіс Мұрагерлері”

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау аясында 2022 жылдың 29 сәуірінде «№ 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ шаңғы базасында ҰОС Жеңісінің 77 жылдығына арналған әскерилендірілген кросс бойынша Чемпионат өтті.

Іс-шараға 14 команда, оның ішінде “Жас Сарбаз” ӘПК тобының Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты ТП-27, ХП-21, Э-13, ХП-19.

Команда құрамы: 4 адам (14-17 жас аралығындағы ұлдар), 2 адам (14-17 жас аралығындағы қыздар).

Әскерилендірілген кросс келесі техникалық әрекеттерді біріктіреді – граната лақтыру, дәлдеп ату мен физикалық тұрғыдан қабілеттік – орта қашықтыққа жүгіру. Қатысушылар дәлдеп оқ атуға, гранатаны нысанаға лақтырып тез жүгіруі керек болды, және мұның бәрі шаршау аясында орын алады, бұл әскери-қолданбалы көрінісін  жасайды.

Әскерилендірілген кросс ұлдар үшін 1500 метр қашықтықта жүгіріп, оқ ату мен 700 гр. гранатаны қашықтыққа лақтырумен өткізілді. Қыздар үшін 1200 метр қашықтықта жүгіріп, мылтықтан оқ атып, салмағы 500 гр. гранатаны қашықтыққа лақтырумен аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша “Жас Сарбаз” ӘПК құрама командасы қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р

                                                                                                     Нұрқанов М. К


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries